Мына 50 сөз тіркесін білсең, ойыңды жақсы жеткізетін боласың 1 . I don’t mind. — Қарсы емеспін. 2 . I think so. — Солай шығар. 3 . You’ll be allright. — Қағынбайсың / Әлі-ақ бақытты боп кетесің. 4 . That’s the whole point. — Мәселе сонда ғой! 5 . Easy, pal/bro/dude! — Жайырақ/жайлат, бауырым/достым. 6 . Calm down. — Ашуыңды бас. 7 . Don’t worry. Relax. — Қам жеме. Сабыр ет. 8 . It makes things so much easier. — (Бұл) тірлікті/шаруаны біршама жеңілдетеді. 9 . I haven’t given it much thought. — Ол жағын ойламаппын әлі. 10 . It serves you / smb. right. — Өзіне/өзіңе де сол керек. 11 . You’ll hear from me. — Айтам ғо хабарын. 12 . It’s going to be all right. — Бәрі жақсы болады. 13 . You bet! — Әлбетте! /Сол да сұрақ боп па? 14 . — Do you want me to help you? — You bet! — Көмектесейін бе? — Әлбетте! 15 . Sounds good to me. — Жөн сөз сияқты / Бұл ойың маған ұнап тұр. 16 . Time’s up. — Уақыт бітті. 17 . Hear me out! — Дат! / Тыңдап алшы. 18 . I couldn’t reach you. — (Звондап) ала алмай қойдым сені. 19 . Let happen whatever would happen. — Не болса, ол болсын. 20 . It never crossed my mind (that)… — … ешқашан ойыма келмепті. 21 . Don’t mention that. — Сонысын айтпаш тек. 22 . I don’t give a damn / a shit — Маған бәрібір / Мұртым да қисаймайд. / Ұрып бармайды екен мені. 23 . Tell him whatever you want, I don’t give a shit. — Енді оған не десең де, маған бәрібір. 24 . Get out of my way. — Кет былай. / Жолымнан кет. 25 . Get lost. — Жоғал. Құры. 26 . You have a point there. — Бұл сөзіңнің жаны бар. / Оның да дұрыс. 27 . I mean it. — Шын сөзім / Рас айтам. 28 . I want to buy your house. I mean it. — Үйіңізді сатып алғым келеді. Шын сөзім. 29 . Let’s get to the point. Let’s hold to reason. — (Негізгі) шаруаны талқылайық (бос сөзді қойып). 30 . So far so good. — Әзірге болады /Әзірше жақсы. 31 . It’s not that I don’t… — … -есімше+тәуелдік жалғау емес… («Үйтпегенім* емес) 32 . It was not that he didn’t love her. — Оны сүймегені емес./ Оны сүймейді деген сөз емес. 33 . Don’t be silly. — Ақымақ болма.. 34 . Come on, You know better than that. — Сөйтуге де бола ма екен? / Қой, бүйтуге болмайтынын білесің ғой. (Баланың шала ісіне не ересектің (кекесінмен әдетте) аңғал әрекетіне айтылатын сөз) 35 . Don’t worry, I can make it on my own. — Қам жеме. Өзімнің де қолымнан келеді / өзім де істей алам. 36 . Not likely. Unless … — Қайдам-ау… Тек… — Is he coming to the party? — Not likely. Unless you invite him personally. — Ол отырысқа келе ме? — Қайдам-ау, Тек оны жеке өзің шақырмасаң. 37 . No reason in particular. — Аса бір себеп жоқ / Жай, әншейін. 38 . Why do you ask? — No reason in particular. 39 . Suit yourself. — Өзің біл/Не қылсаң, о қыл. 40 . Suit yourself, but I’ve got a work to do and I won’t go to Paris. — Не қылсаң, о қыл, бірақ менің шаруаларым бар — Парижыңа бармаймын. 41 . It never occurred to me that… — … есімше+тәуелдік жалғау+ ешқашан ойыма келмепті. 42 . I meant only the best. — Ниетім түзу еді. 43 . Tend to your own affairs / Mind your own business. — Қара басыңа ие болшы. (Жұртта нең бар?) 44 . Think it over. — Дұрыстап ойлан. 45 . Coffee? — If it is no bother. — Кофеден қалайсыз? — Қиын болмаса. 46 . You are on the right track. — Бағытыңыз дұрыс, негізі. 47 . Come on. Let’s get this over with. — Осы мәселені біржола шешіп тастайықшы. 48 . Whatever is to be will be. — Жазмыштан озмыш жоқ. 49 . Here’s what we’ll do. — Былай қылайық… / Бүйтейік, қара… 50 . It beats me. — Ақылым жетпейді / ұға алар емеспін.