қимастық🖤 Оқығыңыз келмесе де қызық сізге, Мен жаза берем, тақырыбын алып "сіз" деп. Қанша күшті болғанымен сезімдер Қара аспан ашылмады неге бізге? "Біз" деймін-ау, мүлде бөлек екенбіз, Мүмкін солай мәңгілікке кетерміз. Бірақ білші мен ұнатпайм өзгені Берілмесек мақсатқа да жетерміз. Көзім жетті, кей арман орындалад, Сізді көрсем жүрегім тулап барад. Әлі сезім өшпеді жүрегімде Ғашықтықтың белгісі бұл-махаббат. көріп қалдым сыртыңыздан бір күні, байқадым мен жүзіңізде күлкіні. бақыттысыз, көріп сәл-сәл жымидым күле алмадым, жылаған соң күн-түні. мен жайлы ойламаңыз, бәрі жақсы, сағынғаным болмаса сізді қатты. еш қолымнан келмейді не істеймін шарасыздық жаныма қатты батты. ойламаймын үнемі енді сізді, көңілімде алмастырам жазға күзді. ұмытпасым белгілі өзіме де сізбен жүрген әр уақыт, әр сәт, кезді. бұл сізге соңғы хатым болар бәлкім, ойласада өзі білсін, қалай әркім. тұншықтыру оңай болмад сезімдерді өзіңізге айтуға бармад дәтім. ©Дарина Шарипова #түңгішабыт #поэзия #жүрексыры #Adi

Теги других блогов: поэзия түңгішабыт жүрексыры